1 маусым -Халықаралық балалар күні! Мектебімізде «Дос болайық, досқа лайық» жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен балаларға арналған іс-шара өтті. Балалар мектеп маңында «Квест», «Көңілді аялдама»,«Қызықты эстафета» ойындарын ойнады. Арнайы балалар үшін балмұздақ тарту еткен «Гормолзавод» ЖШС-не жомарттықтары үшін алғыс білдіреміз! МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!




Бүгін, мектеп жанындағы "Ұлан" жазғы балалар лагері салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Таңғы жаттығудан соң балаларды таныстыру мақсатында "Жаңа дос табайық" тренингі өткізілді. Кестеге сәйкес ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысқан балалардың көңілі көтеріліп, үлкен әсерге бөленді.
Мектеп жанындағы "Ұлан" жазғы балалар лагерінің бүгінгі күні де балалар үшін әсерлі өтті. Лагерь жетекшісі Айгүл Жантемировнаның ұйымдастыруымен таңғы жаттығудан соң жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
4-маусым күні мектеп жанындағы "Ұлан" жазғы балалар лагерінің жұмысы жоспарға сәйкес таңғы жаттығулармен басталды. Рәміздер күні мерекесіне орай: "Рәміздерді білесің бе ?" интеллектуалды ойын өткізілді. Үйірме жұмыстарынан соң, "Қылқалам әлемі" тақырыбында балалардың шығармашылық сағаты ұйымдастырылды.