Желтоқсан айының 23-24 күндері облыс орталығы Петропавл қаласында орналасқан оқушылар сарайында ел Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша өтті.
Өңір балаларына арналған іс-шараға мектебіміздің 4-сынып оқушысы Төлеу Мансұр қатысты.
Мемлекет басшысы атынан сыйлыққа ие болып, жаңа достарымен қуанышқа кенелген оқушымыз үлкен әсерге бөленіп келді.