


Жаз мезгілі – балалар үшін ерекше қуаныш пен сергектікке толы шақ. Мектеп жанындағы жазғы лагерь – оқушылардың демалып, қызықты уақыт өткізуіне, достарымен қарым-қатынас орнатуына, шығармашылығын шыңдап, денсаулығын нығайтуына үлкен мүмкіндік. Жоспарға сәйкес мектебімізде 2 апталық «Ұлан» жазғы мектеп жанындағы лагері жұмыс жасады. 100-ге жақын балалар күнделікті танымдық ойындармен, спорттық жарыстармен, ән мен биден, сурет пен қолөнерден тұратын көңілді бағдарламалармен айналысты. Лагерь барысында балалар әр күнін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, жаңа достар тауып, пайдалы да қызықты істермен айналысты.
Бұл – тек демалыс емес, бұл – шынайы қуаныш, шат күлкі мен жаңа әсерлер әлемі!