КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Қыркүйек айының 24 күні Саумалкөл қазақ орта мектебінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша Бірыңғай ашық есік күні өткізілді.

Previous Next

 Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету, балалардың мектепке дейінгі білімнен мектептегі білімге ыңғайлы өтуін қамтамасыз ету болды. Мектеп балабақшадан алған білімге сүйене отырып, баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Сабақтастық аясында балабақшалар мен мектептер арасында тығыз ынтымақтастық қажет, оның мақсаты балалардың мектепке қызығушылығын арттыру, мектепке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету, балабақшадан мектепке өтуді жеңілдету болып табылады. Ашық есік күніне аудан орталығындағы балабақша тәрбиешілері келді. Іс-шара мектеп директоры М.Олжабаеваның құттықтауымен басталды. Мектеп директорының орынбасары Ж.Баймуканова қонақтарға бастауыш сынып оқу кабинеттеріне экскурсия жасады. Мектеп логопеді А. Сейіт "Танысу" тренингін ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімі М. Жукенова 1-сыныпта Әліппе сабағынан үзінді ұсынды. 1-сынып мұғалімі А.Байтенова " Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып сабақтастығы" тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Ашық диалог алаңында "Балалардың жеке даму карталарын талдау және оларды пайдаланудың болашағы" мәселесі бойынша қатысушылар пікір алмасты. Іс-шара соңында кері байланыс жасалып, балабақша тәрбиешілері осындай пайдалы, әсерлі іс-шараның ұйымдастырылғанына алғыстарын білдірді. #жоба943

Записаться на прием