Ұстазға тағзым-ұрпаққа аманат! 
Көкшетау қаласында Ақмола облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған іс-шара өтті. Мектебіміздің шәкірті, Ақмола облысы Полиция Департаменті Жедел-криминалистикалық басқарманың аға криминалисі, полиция капитаны — Женисова Алия Мергенқызы өзінің білімнің шыңына жетелеген ұстазы, сынып жетекшісі - Ашербекова Акнур Елюбаевнаны іс-шараға қонақ ретінде шақырып, ризашылығын білдірді. Ақмола облысы Полиция департаментінің атынан Акнур Елюбаевнаға білімді шәкірт тәрбиелегені үшін Алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар, жиын барысында ұстаздар қауымына жүрекжарды тілектер айтылып, құрмет көрсетілді.Осындай өнегелі іс- жас ұрпақтың тәрбиелі,парасатты екенін көрсетеді. Ұстазға деген шынайы алғыс —ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталмақ. 







