"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"КММ 2025 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті комиссияның қорытындысы - білім беру қызметтерін көрсету сапасының деңгейі мемлекеттік аттестаттау нәтижесі - Үлгілі дәрежесінде өтті.
Бұл — ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің, ұйымшылдық пен табандылықтың нақты нәтижесі!
Сапалы білім мен тәрбиені басты ұстаным еткен педагогтерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, әр баланың болашағына қосқан үлестеріңіз — зор құрметке лайық! 2024-2025 оқу жылында биік нәтиже көрсетсек, 2025-2026 оқу жылында жаңа белестерге жетейік!
Ұжымымыздың абыройы артып, жетістігі еселене берсін! Бұл мектебіміздің ортақ жеңісі! 


