Ұстаз– білімнің шырағын жағып, ұрпақтың болашағына жол сілтейтін тұлға. Біздің мектептің әрбір мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, жанашыр тәрбиеші, үлгі бола алатын жан.
Саумалкөл қазақ орта мектебінің асыл жүректі ұстаздарына алғыс!
Келе жатқан Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің төзімдеріңізге, мейірімдеріңізге, қажырлы еңбектеріңізге бас иеміз! Жемісті еңбек, шығармашылық шабыт, шәкірт құрметі әрдайым серігіңіз болсын!