
Саумалкөл қазақ орта мектебінің алды мен іші қысқы мерекеге орай ерекше сәнге бөленді. Қардан ақ көрпе жамылған аула түрлі-түсті шамдармен, безендірілген шыршамен, мерекелік элементтермен көмкерілді.
Осындай көңілді атмосфера балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жылға деген ықыласын арттырады.
Мектебімізге мереке келді – Жаңа жыл құтты болсын!