Саумалкөл қазақ орта мектебінде Ұстаздар мерекесі қарсаңында білім саласына сіңірген еңбектері үшін ұстаздарымыз марапаттарға ие болды. Кәсіби мереке «Мұғалімдер күні» қарсаңында білім жүйесіндегі адал еңбегі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін ҚҰРМЕТ грамотасымен Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан төмендегідей ұстаздарымыз марапатталды.

Садвакасова Туганыс Акжигитовна-физика пәні мұғалімі;

Оразалина Бану Депутатовна- технология пәні мұғалімі;

Шаймергенов Ерлан Ергужинович-дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Мурзахметова Гуля Амангельдиновна- тарих пәнінің мұғалімі;

Дукетбаев Руслан Султанович-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Еримжанова Сагынай Оразалиновна- бастауыш сынып мұғалімі;

Касымова Айгерим Темирбековна- аға тәлімгер.

"Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің «Айыртау аудандық комитеті» филиалының атынан дене шынықтыру пәні мұғалімі —Жүкен Жандос Рустанұлы мен информатика пәні мұғалімі— Айтжанов Нурбол Игиликович марапатталды.

Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан АЛҒЫС ХАТПЕН орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі —Жанахметова Бакыт Айтжановна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары— Алгожин Ержан Алпысбаевич марапатталды.

Айыртау ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі —Саттыбаева Жазира Бигельдиновна марапатталды.