КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
     Ресми интернет-ресурс
 
 
 

Саумалкөл қазақ орта мектебінде мектеп табалдырығы алғаш ашылған күннен бастап білім ордасының қалыптасуына өз үлесін қосып, бірнеше жыл бойы мектеп ұжымымен бірге қызмет атқарған ардақты ұстазымыз Айгүл Жаңбыршықызын зейнет демалысына шығарып салу кеші ұ

Previous Next
Саумалкөл қазақ орта мектебінде мектеп табалдырығы алғаш ашылған күннен бастап білім ордасының қалыптасуына өз үлесін қосып, бірнеше жыл бойы мектеп ұжымымен бірге қызмет атқарған ардақты ұстазымыз Айгүл Жаңбыршықызын зейнет демалысына шығарып салу кеші ұйымдастырылды.
Салтанатты кеште мектебіміздің директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы сөз сөйлеп, Айгүл Жаңбыршықызының ұзақ жылғы еңбегіне ризашылығын білдіріп, ұстазға ақ тілегін арнады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбаева Бұлбұл Қазезтайқызы іс-шараға арнайы қатысып, ардақты ұстазды зейнет жасына қадам басуымен құттықтап, еңбегіне алғысын білдірді.
Кештің қадірлі қонақтарының қатарында ұстаздың әр жылдардағы шәкірттері мектебіміздің түлектері де болды. Арнайы келген түлектер өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, аяулы ұстаздарына деген құрметтері мен алғыстарын жеткізді.
Кеш барысында мектеп ұжымы мен оқушылар дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен жырға, естелік пен ізгі тілектерге толы әсерлі сәттерге ұласты.
Айгүл Жаңбыршықызының білім саласына сіңірген еңбегі, шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі – әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде сақталады.
Құрметті Айгүл Жаңбыршықызы!💐
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, зейнет жасында баянды бақыт пен мол қуаныш тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!
 
 
 
Записаться на прием