Саумалкөл қазақ орта мектебінде эстетикалық пәндер бірлестігі апталығы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Е. Д. Әбілмәжім 1-сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс өткізді. Оқушылар ұлттық ойын түрлерімен де танысып, ойын барысында өздерінің ептіліктерін көрсетті. Жарыс соңында сыныптар мадақтамамен марапатталды.
Сондай-ақ қоңырау уақытында Е. Д. Әбілмәжім мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен көңілді үзіліс өткізді.