Саумалкөл қазақ орта мектебінде 9 сәуір күні аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Гаухар Ғалымқызы Қыдырбекованың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқбергенов Қабжаттың құрметіне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға ардагердің қызы, мектебіміздің зейнеткер ұстазы - Арман Қабжатқызы Бықсыбаева арнайы қонақ ретінде шақырылып, ардагер әкесі туралы жылы естеліктермен бөлісті. Қабжат Тоқбергенов «Қызыл жұлдыз» екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған арнайы іс-шарадан оқушыларымыз жерлес ардагердің өмірінен біраз мәлімет алды.
Жаңалықтар
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 9 сәуір күні аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Гаухар Ғалымқызы Қыдырбекованың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқбергенов Қабжаттың құрметіне арналған іс-шара өтті.
Қаралды: 10
