Саумалкөл қазақ орта мектебінде 8 тамыз күні кітапханашы А.Ш.Нурбахтинованың бастамасымен қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы- Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – рухани қазына» тақырыбында ұстаздар арасында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы, қара сөздері мен өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік мәні терең талқыланды. Ұстаздар ақын мұрасын білім беру үрдісінде қолдану жолдарын ортаға салып, шығармаларының тәрбиелік мәнін талдады.
Мектебіміздің ұстаздары Абайдың «Толық адам» концепциясы жайлы пікір бөлісіп, оның бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Мұндай рухани шаралар ұстаздарға шабыт, ал жас ұрпаққа – бағыт береді.
Абай мұрасы – мәңгілік!