Саумалкөл қазақ орта мектебінде 3-13 қыркүйек аралығында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында, оқу жылының басталуына орай 0-11 сынып аралығында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында сынып жетекшілер оқу жылының басындағы маңызды бағыттармен,«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын талқылады.