65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ-де бастауыштар онкүндігіне орай, «Даналық» мектебінің «Әжелер» клубының мүшелерінің қатысуымен «Шуақ шашқан әжелер!» атты сайыс өтті.

«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ-де бастауыштар онкүндігіне орай, «Даналық» мектебінің «Әжелер» клубының мүшелерінің қатысуымен «Шуақ шашқан әжелер!» атты сайыс өтті.
«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ-де бастауыштар онкүндігіне орай, «Даналық» мектебінің «Әжелер» клубының мүшелерінің қатысуымен «Шуақ шашқан әжелер!» атты сайыс өтті. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімдері Жукенова Махаббат Тулетаевна және Джазбаева Гульмира Нурмухамбетовна ұйымдастырды. Сайысқа Тоқтарбек Шұғыланың ұлы әжесі, тыл ардагері - Кабдушева Гүлсім әжей; Жеңіс Нурислам, Нұрлан Нұрали, Нұрбахты Жасминнің әжелері- Нурбахтинова Айсулу Шакармановна; Ерсін Асылжанның алғашқы ұстазы, асыл әже - Байтенова Акзейнеп Нысанбаевна; Танат Раянаның әжесі- Байтукина Сауле Кабкенқызы; Талгатова Айарудың әжесі- Ережепова Нургайша Шонуовна; Думан Аруна мен Думан Айбарыстың әжелері-Акишева Бакыт Жамантаевна қатысты. 6 кезеңнен тұрған сайыста әжелеріміз өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, қол шеберліктерін ортаға салды. Салт-дәстүр кезеңінде «Бесікке салу», «Шолпы тағу»,«Байғазы беру», «Тұсау кесу» дәстүрлері көрсетілді. Мектебіміздің сахнасында кішкентай балапанның тұсауы кесілді. Сайыс соңы «Сыр сандық» сұрақтарға жауап беру кезеңімен аяқталды. Іс-шара соңында әжелерімізге «Білгір әже»,«Мейірбан әже»,«Алтын оймақты әже»,«Бұлбұл әнші әже»,«Ұлағатты әже»,«Өнерлі әже» номинациялары берілді. Сегіз қырлы, бір сырлы, жан-жақты, өнерлі, он саусағынан өнер тамған әжелерімізге мықты денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!!!
Записаться на прием