«Саумалкөл қазақ орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігіне орай Науанова Мырзабике Кабидоллиновна
2«Ә»-сыныбында сыныптан тыс жұмыс «ТАПҚЫР ДОСТАР» танымдық ойынын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Сайыс сабақ математика, жаратылыстану, қазақ тілі сабақтарымен байланысты болды. 4 топқа бөлінген оқушылар жұмыс барысында өздерінің білімдерін көрсетіп, әділқазы алқасының шешімімен мынадай орындарға ие болды:
«Ойшылдар» тобы 1 орын,«Зеректер» тобы 2 орын, «Білгірлер» тобы 3 орын,«Тапқырлар» тобы 4 орын.