Құрметті ата-аналар!
Саумалкөл қазақ орта мектебі 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін 2025-2026 оқу жылына балаларды
Баланың құжаттарын egov.kz порталы арқылы немесе қағаз түрінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалар ата – анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері қабылданады. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1.Білім беру ұйымына ата-ана (немесе оларды алмастыратын тұлға) өтінішті электронды түрде толтырады.
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Баланың 2 дана 3*4 өлшемді фотосуреті;
4. Профилактикалық екпе картасы
065/у нысаны;
5. "Бала денсаулығының паспорты"
№ 052-2/у нысаны.
6. Баланы 1-сыныпқа қабылдау туралы шартқа қол қою.
Қабылдау бойынша сұрақтар туындаса, келесі телефон нөміріне хабарласуға болады. 8(715) 3328-239, 8(715)3328-238