Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жаңару мен жаңғырудың, жақсылық пен берекенің бастауы болатын ерекше мереке.
Наурыз – татулық пен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Көктемнің шуақты күндерімен бірге әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және бақ-береке әкелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, оқуда жетістік тілеймін. Әр отбасына амандық, ырыс-несібе, шаттық пен күлкі толы күндер көп болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы
Все реакции:
2





