Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді 25 Қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік негізі қаланған, халқымыздың азаттығын айшықтайтын маңызды мереке.
Бүгінгі ұрпақ – ел ертеңін жалғайтын келешек. Біз сіздерге, жас буынға, сенім артамыз. Сапалы білім алып, отаншыл, еңбекқор азамат болуларыңыз – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Әр отбасына бейбіт өмір, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Құрметпен, Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры Олжабаева Мендігүл Олжабайқызы





