65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Құрметті ұстаздар қауымы

!💐💐💐 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, ұрпақ санасына білім мен парасат дәнін егетін тұлға. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тынымсыз ізденістеріңіздің арқасында талай шәкірт биік белестерді бағындырып келеді. Әр шәкірттің жүрегінен орын алғандарыңыз – ұстаздық жолдың ең үлкен марапаты. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасы амандығын, шығармашылық табыс тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін, шәкірттеріңіз әрдайым үмітіңізді ақтасын!
Ізгі ниетпен, мектеп директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы
Записаться на прием