Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату керек екенін айтты.
"Сіздер менің ұстанымымды білесіздер. Мұғалім ұстаздықпен, яғни балаға білім берумен айналысуы керек. Бұған нүкте қойылуы қажет. Бұл заңмен де бекітілген мәселе. Сондықтан кейбір әкімдіктердің заңды аттап өтіп, мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату керегін бірнеше рет айттым", – деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.