














Наурыздың 17-і күні «Халық дәстүрі-ұлт қазынасы» тақырыбында 2 «Б» сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға, Отанын сүюге, еңбекке тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар «Бәйге»,«Көкпар» ойындарын ойнап, сұрақтарға жауап беріп, "Наурыз" туралы өлеңдерін оқыды.