#заңжәнетәртіп #құқықбұзушылық Құқық бұзушылықтың алдын алу, жас жеткіншектер арасында тәртіпсіздікті болдырмау, бұзақылықтың жауапкершілігін ұғындыру мақсатында мектеп оқушыларына «Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы орган қызметкерлерімен тақырыптық кездесу, арнайы дәріс сағаты ұйымдастырылды. Мектеп директоры М. Олжабаева жасөспірімдерге мектептің ішкі тәртібін бұлжытпай орындау, сабаққа кешікпеу міндеттерін ескертті. Жиынға аудандық ІІБ қызметкері, полиция майоры Б. Джахина тыйым салынған өнімдерді пайдалану, есірткі тасымалына араласу, түнгі уақытта көшеде жүру ережелері үшін жауапқа тартылатындықтары жөнінде айтылды. Сонымен қатар заң өкілдері көлік құралдарын заңсыз пайдалану, қорлық, әлімжеттік көрсету сияқты әрекеттер жауапкершілікке міндеттейтіні ескертілді.
Жаңалықтар
«Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы орган қызметкерлерімен тақырыптық кездесу, арнайы дәріс сағаты ұйымдастырылды.
Қаралды: 33
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"




