Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Қайырлы күн, құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
4-тоқсан 2025 ж. (қазан, қараша, желтоқсан)
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Саумалкөл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымында көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайлы таныстырады.
- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін атқарады. 2025 – 2026 оқу жылына egov.kz арқылы 1 сәуірден 31 тамызға дейін құжаттарды қабылдау басталады. 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалар қабылданады.
Қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1) Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у;
Профилактикалық екпе картасы 065/у нысаны;
4) 3*4 өлшемдегі 2 фотосурет.
"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша 2 оқушы кетті, 6 оқушы қабылданды. Денсаулығына байланысты үйде білім алатын оқушы -1.
2 қазан –1-4 сынып тегін тамақтану – 200 оқушы, халықтың әлеуметтік осал тобы: 1-4 сынып – 17 оқушы, 5-11 сынып – 45 оқушы. Уақытша отбасында тұратын оқушылар саны қазіргі таңда - 2 оқушы. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқалары» берілген - жоқ.
Осы мемлекеттік қызметтердің сапалы атқарылуы басты назарда болады. Мектеп фойесінде арнайы стенд жасалған. Ата-аналар фойеде интернет желісіне қосылған компьютермен портал арқылы өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарының қағаз нұсқасы, өтініштердің үлгілері берілген.
Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы





