65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Мемлекет басшысының биылғы жыл "ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ" деп жариялағаны көпті қуантты

Мемлекет басшысының биылғы жыл "ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ" деп жариялағаны көпті қуантты
Мемлекет басшысының биылғы жыл "ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ" деп жариялағаны көпті қуантты. Әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшының мәртебесін арттыру қоғамға үлкен қозғау салатыны сөзсіз. Маңдай терін төгіп жүріп табысқа жетіп жүрген жұмысшылардың мәртебесін асырып отырса, мерейлері өсіп,жұмысқа ынталана түсері анық . Маған қозғау салған кейіпкерім, көп балалы ана,өз ісіне мығым жан Саумалкөл қазақ орта мектебінің еден жуушысы Шаяхмет Назгүл Жолымбетқызы жайлы болмақ. 1979 жылы 17 наурызда Айыртау ауданы,Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген Назгүл,1986 жылы мектеп табалдырығын аттап,1994 жылы аяқтады. 1999 жылы тұрмысқа шығып,2000 жылы ана атанды. 2001 жылдан 2005 жылға дейін әр жерде еңбек етіп,2005 жылдан осы мектепте еңбек етіп келеді,содан бері 20 жыл уақыт өткен екен. Барлық балалары Саумалкөл қазақ орта мектебінің түлектері, оқушылары . Жолдасы Самат РЭС-те жүргізуші,үлкен қызы Айғаным Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық коледжіндегі информатика кафедрасын бітіріп,қазіргі таңда Қарағанды қаласында тұрмыста, № 22 мектепте информатика мұғалімі болып жұмыс істеп, декреттік демалысқа шықты.Ортаншы қызы Айгерім Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық коледжіндегі мектепке дейінгі бөлімнің кафедрасын бітіріп,қазіргі таңда Рудный орта мектебінде жұмыс істейді,тұрмыста,Кіші қызы Әнел Көкшетау қаласында Бурабай колледжінде темір жол факультетінің 1 курс студенті. Ұлдары Ислам 6 сыныпта,Жалғас 5 сыныпта анасы еңбек ететін Саумалкөл қазақ орта мектебінде оқиды,Жалғас оқу үздігі. Қазір таңда Назгүл аяулы әже, Самат ардақты ата. Жалпы бірлігі жарасқан тату- тәтті отбасы.Қандай қиыншылықтар кездессе де мойымай бірге көтеріп,бірге жетістікке жеткен үлгілі жанұя. "Жұмыстың көзін тапқан , байлықтың да,бақыттың да өзін табады" демекші кәсібіне адал,әрі жауапкершілікпен қараған адам құрметке лайық деп санаймын. Шаяхмет отбасына тілерім бала шағаларың аман болып,босағаларыңнан күн күліп тұрсын,еңбектерің жемісті,өмірлерің келісті болсын.
Мектеп кітапхана меңгерушісі ,аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нурбахтинова Айсулу Шакармановна
Записаться на прием