Мектебімізде «Жаңа табыс» жобасы аясында ұйымдастырылған "Өзіңді көрсет" мектепішілік стартап жобалар байқауы өтті. Ұйымдастырған: Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы-мектеп парламенті. Мақсаты:Оқушылардың кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылықтарын ояту, мамандық таңдау, қаржылық сауаттылыққа бағыт-бағдар беру. Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларынан құралған 2 топ өздерінің жоба бойынша дайындаған материалдарымен таныстырды. Өзекті етіп таңдалған тақырыптарға ДТІЖО Е. А. Алгожин мен кәсіби бағдар беруші А. Ж. Абирова өздерінің пікірлерін білдіріп, оқушыларға алдағы уақыттарда сәттілік тіледі.
Жаңалықтар
Мектебімізде «Жаңа табыс» жобасы аясында ұйымдастырылған "Өзіңді көрсет" мектепішілік стартап жобалар байқауы өтті.
Қаралды: 8