65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Мектебімізде «Балабақша мен мектеп сабақтастығы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

Мектебімізде «Балабақша мен мектеп сабақтастығы» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Бұл – білім беру жүйесінің ең өзекті бағыттарының бірі. Өйткені әрбір баланың мектепке қадам басардағы алғашқы дайындығы, оның болашақтағы оқу жетістігінің берік іргетасы болып табылады. Балабақша – баланың тұлғалық қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Онда балалардың ой-өрісі дамып, тіл байлығы артады, қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады. Ал мектеп – сол жетістіктерді одан әрі дамытып, жүйелі білім беретін алтын ұя. Осы бағыттағы еңбегіміз – ертеңгі ел болашағына қосқан үлесіміз болмақ. Іс-шарамыз мектебіміздің логопед-дефектологының «Таңертеңгілік серпін» көңілді сәтімен басталды. Семинарға қатысқан «Колосок», «Родничек» бөбекжайының тәрбиешілері 1-сынып мұғалімдері Еримжанова Сагынай Оразалиновнаның «Математика», Жақиян Сабира Жылқыбайқызының «Әліппе» сабақтарына қатысты, мектепалды сыныптың тәрбиешісі Сексенбаева Гульнар Алтаевнаның жүргізетін жұмыстарын тамашалады. 1-сынып мұғалімі Абирова Айгуль Жантемировна өз тәжірибесінен шебер-сынып ұсынды. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берген семинарға қатысушыларымыз жоғары баға беріп, алғыстарын білдірд

Записаться на прием