КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
     Ресми интернет-ресурс
 
 
 

Мектебімізде 8 қыркүйек күні 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

Previous Next
Мектебімізде 8 қыркүйек күні 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – 5-сынып оқушыларының өтпелі кезеңдегі қиындықтарды табысты еңсеруі үшін отбасы мен мектеп арасында қолдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру. Жиналыс барысында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Баймуканова 5-сынып оқушыларының пән мұғалімдері және оқу жүктемесі туралы ата-аналарға түсінік берді. Оқушылардың орта буынға өтуіне байланысты пәндер санының артуы, әр пән бойынша берілетін сабақ сағаттары және оқу жүктемесінің ерекшеліктерін түсіндірді.
Сонымен қатар оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуы, оқу тәртібін сақтауы және әр пән мұғалімінің талаптарын орындауы маңызды екені айтылды. Ата-аналарға баланың оқу үлгерімін қадағалап, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болу ұсынылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Алгожин «Адал азамат» тұжырымдамасының орындалуы мен негізгі бағыттары, мектеп формасының сақталуы және «Заң және тәртіп» қағидатының талаптарын орындау мәселелері туралы айтты.
Мектеп психологы А.М.Шаяхметова «Баланы бастауыш сыныптан орта буынға оқу жағдайына бейімдеу» тақырыбында баяндама жасап, осы кезеңде ата-аналардың балаға дұрыс бағыт-бағдар беруінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ата-аналарға «Ата-ана не істеу керек?» әрекет ету алгоритмі бойынша жадынама таратылды. Сондай-ақ қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, оқушылардың мектептегі қауіпсіздігі мен психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Ж.Омарова 5-сынып оқушылары үшін мектептегі ыстық және буфеттік тамақтануды ұйымдастыру тәртібі туралы түсіндірме берді. 5-сынып жетекшілері оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, мектеп тәртібін сақтауы және орта буынға бейімделуі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылардың мектеп формасын сақтауы, сабаққа қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі, үй тапсырмасын орындауы және ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Показать меньше
Записаться на прием