Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,бір сөзің 100жыл жүрсе дәмі кетпес» тақырыбында танымдық конференция ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын талдап, қара сөздерінен үзінділер оқып, ұлы тұлғаның рухани мұрасы туралы ой бөлісті.
Бұл конференция оқушылардың сөздік қорын байытып қана қоймай, ұлттық құндылыққа деген құрметін арттырды.