
Көктем келіп, табиғат ояна бастаған сәтте мектебіміздің ауласында ерекше көрініс орын алатын гүл алаңы егілді. 
Мектебіміздің жұмысшылары мен ұстаздар қауымы бірігіп, аулаға сан түрлі гүлдердің тұқымын егіп, табиғатқа сүйіспеншілігін іспен дәлелдеді. Қазіргі таңда бұл гүл алаңы – мектеп ауласының сәні, көз қуанышы. Әрбір ашылған гүл – еңбектің, бірліктің, қамқорлықтың белгісі.


Гүл егілсе – жүрекке қуаныш егілер!