Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс.

Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс.

Біз Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз.

Саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды.

Мемлекеттік қызметте меритократияқағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ.
Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді.

Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады.

Нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады.

Білім саласындағы жетістіктер

2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты.

1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр ( 217 мектеп)

«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді.

Мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді.

Мұғалімдер өз міндетіне кірмейтін артық жұмыстан босатылды.

Мұғалімдердің жаңа толқынын даярлау және оқушылардың жетістіктері

Білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақымв 84 мың теңгеге ұлғайды.

Жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді. –Биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдап отыр.

Оқушыларымыз әлемдегі ең беделді жеті олимпиададан 27 медаль алды.

Халықаралық олимпиадалардан 1 мыңға жуық медаль иеленді.

Болашаққа бағдар

Білім сапасын арттыру

Ұстаздар ұдайы ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы керек.

Балалардың оқуға зейінін ашатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген абзал.

Озық тәжірибені үйреніп, оны еліміздің болмысына бейімдеу керек.

Тағы бір маңызды міндет – қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіру.

Тәрбиемен ұштасқан білім

Биылдан бастап барлық мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасыіске қосылады.

«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы – осы бағыттағы нақты шараның бірі.

Мектеп өзара құрмет пен жанашырлыққа толы үйлесімді қоғамның үлгісі болуы керек.

«Заң мен тәртіп» қағидаты тәрбие жұмысының ажырамас бөлшегіне айналуға тиіс.

Нашақорлық пен лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және бұзақылық сынды зиянды әдеттермен күресуде мұғалімдер айрықша рөл атқарады.

Соңғы екі жылда кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды

Барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу

Қазақстан жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Инновация мен жасанды интеллект – прогресстің басты кілті.

Бүгінде еліміздегі мектептердің 95 пайыздан астамы жылдам интернетпен қамтылған. Мақсат –100 % жеткізу.

Цифрландыру – әлеуметтік әділдіктіңмаңызды идеологиялық қағидаты.

Балаларға жастайынан жасанды интеллект технологиясын оқытқан жөн.

Мұғалімдер де педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды қолдана білуі керек.

Ұстаздар құқығын қорғау

Ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босату қажет.

Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек.

Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиғаға мұғалімдерді жазалау орынсыз.

Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды.