Биылғы 2025-2026 оқу жылында мектебіміз жас мамандармен толықтырылып отыр. Бүгінгі алғашқы қоңырау салтанатында мектебіміздің ұжымы жаңа оқу жылын қуана қарсы алып, жас мамандарды таныстырды.
Олар: Азербай Әнел Нариманқызы- ағылшын тілі мұғалімі;
Аскерова Асем Нурлановна- математика пәні мұғалімі;
Жақиян Сабира Жылқыбайқызы- бастауыш сынып мұғалімі;
Төлеген Жансая Құрманбекқызы- информатика пәні мұғалімі.
Ұстаздық жолды таңдаған жас маман әріптестерімізге деген ақ тілегін аудан әкімі Меңдыбаев Мейрам Жақсылықұлы білдірді.
Жас педагогтар – білім жолындағы жаңа буын, болашаққа сеніммен қарайтын, шәкірт тәрбиесіне өз үлесін қосатын жандар.
Оларға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс тілейміз!
Ұстаздық жолдарыңыз нұрлы, шәкірттеріңіз алғыр болсын!