Бүгін, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушылары маңызды бір белесті артқа тастап, негізгі орта білім туралы аттестат алды.
Бұл — білім жолындағы үлкен қадам, болашаққа бағыт алар жауапты кезеңнің бастамасы. Әрбір оқушының жетістігі – ата-ана мен ұстаз еңбегінің жемісі.
Биылғы жылы 9-сыныпты 36 оқушы аяқтады. Екі оқушымыз- Жанайдар Сабина мен Бекентаева Дильназ үздік оқығандары үшін «Үздік аттестатқа» ие болды.