Бүгін, қазан айының 16-ы күні, бала қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
«БАСТЫ ТАЛАП-БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Офлайн, Онлайн форматта ұйымдастырылған жиналыстың күн тәртібінде:
І. Мектеп оқушылары қауіпсіздігін ұйымдастыру және әлеуметтік қауіпсіздікті бақылау. Мектеп директоры М. О. Олжабаева.
ІІ.Тұрмыстық қауіпсіздік:Үйде, көшеде, демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен әлімжеттік (Буллинг) әрекеттердің алдын алу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А. Алгожин.
ІІI. Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу (ұялы телефон ойындары). Мектеп психологы А.М. Азбергенова.
ІV. Жасөспірімдер қауіпсіздігі мен кәмелет жасқа толмағандардың жауапкершілігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу.Аудандық ішкі істер қызметкері,
аға лейтенант Т. Г. Туяков ата-аналарға жауапкершіліктері мен міндеттері туралы айтып өтті.
Жиын соңында Мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы ата-аналарға рахмет айтып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауларына шақырды.