
Олимпиада мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

Елімізде екінші рет өткізілгелі тұрған олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Біздің мектебімізден 8 пән бойынша 27 оқушы олимпиадаға қатысқалы отыр.

Мектеп директоры М.О. Олжабаева қатысушы оқушыларымызға сәттілік тіледі.