Бүгін, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 2025-2026 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған 2025-2026 оқу жылының ұйымдастырылуы туралы мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы оқу-тәрбие жұмыстары мен оқушылар тасымалы, оқу кезеңдері жайлы толық ақпарат берді.
МДОІЖ орынбасары Г. Т. Султангалиева ата-аналарды 2025-2026 оқу жылына арналған арнайы әдістемелік тұжырымдамамен таныстырды.
Мектеп психологі А. Шаяхметова ата-аналарға білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары туралы толық ақпарат берді.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналар жауапкершілігі мен "111 сенім телефоны", білім беру мекемелерінде әлімжеттікке жол бермеу, буллингтің алдын алу туралы Айыртау ауданы полиция бөлімі аға инспекторы, полиция майоры: Жұлдыз Жанатқызы Нәжікенова ауқымды ақпарат айтып, ата-аналарды жауапкершілікке шақырды.
Жұлдыз Жанатқызы өз сөзінде жеткіншектер арасында жыныстық қатынасты болдырмау, алдын алу шаралары жайлы да тоқталып өтті.
Шара барысында мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы мен әлеуметтік көмектің көрсетілуі және қауіпсіздік шаралары жайлы баяндалды.
Жиын соңында ата-аналардың өтініш, сұрақтары тыңдалып, жауап берілді.