Бүгін Саумалкөл қазақ орта мектебінде ҚР ІІ министрі полиция генерал- лейтенанты Е.С. Саденовтың бұйрығымен «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды шараға аудан әкімдігі, полиция бөлімінің қызметкерлері, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Салтанатты жиында СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Руслан Самарбекович Назаров және Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев сөз сөйлеп, жас сақшыларға ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершіліктің маңызын атап өтті. Іс-шара барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Олар Отанға адал қызмет етуге, заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ант берді. «Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың бойында тәртіпке, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Жас сақшыларға жаңа белестер мен толағай табыс тілейміз! Ел болашағы – білімді, тәртіпті әрі отансүйгіш жастардың қолында!
Жаңалықтар
Бүгін Саумалкөл қазақ орта мектебінде ҚР ІІ министрі полиция генерал- лейтенанты Е.С. Саденовтың бұйрығымен «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қаралды: 25
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"




