Бүгін "Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы Ж. Қ. Садыков пен ДТІЖО Е. Алгожин және ауданымызда орналасқан 3 атқыштар рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Бақдәулет Ақынбекұлының ұйымдастыруларымен"Патриот" акциясы аясында: ауданымызда орналасқан 5510 әскери бөліміне барып, сарбаздармен бірлескен"Жауынгері қазақтың" тақырыбында әскери-спортық іс шара өткізді. Жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада арнайы алаңда әскери тәртіппен: автоматтарды бұзып-жинау, тұмылдырық кию, эстафеталық ойындар болды.
Жарыс соңында мектеп оқушылары мен сарбаздарға рахмет айтылып, марапат берілді.
Показать перевод
Все реакции:
3