













Мереке қарсаңында мектеп оқушылары мен ауданымызда орналасқан 5510 әскери бөлімінің 3 жеке атқыштар ротасы сарбаздары қатысқан «Қазағымның дәстүрлері» атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ұмыт болып бара жатқан түрлі дәстүрлер мен ырымдар туралы мағлұмат жинап, ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында жаңа күнге жарапазан айтылып, Ұлағатты ұстаз Талғат Қасымұлы ақсақал балаларға батасын берді.