Бүгін, мектебіміздің кәсіби бағдар беруші мұғалімдері А. Ж. Абирова мен Е. А. Алгожиннің ұйымдастыруымен биылғы мектеп түлектеріне арналған "Мамандық таңдау" сағаты өтті. Солтүстік Қазақстан облысы, Манаш Қозыбаев университеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттерінің қатыстырылумен өткен іс-шарада студенттер өз ойларымен бөлісіп, мамандық таңдау тәжірибелерін ортаға салды.
Университет қабырғасында жоғары білім алуды көздеген студенттер болашаққа нақты мақсат қою мен ерінбей білім алудың артықшылығын түсіндірді. Студенттік өмірдің қызықты сәттерін баяндап, мектеп түлектерінің түрлі сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысы, Манаш Қозыбаев университеті, музыкалық білім беру факультетінің 4 курс студенті Аскерова Аяжан Айдарқызы биылғы мектеп түлектерін өзі оқитын оқу орнының ерекшеліктерін айтып, келешекте М. Қозыбаев Университетін таңдап, оқуға түсуге шақырды.