Бүгін, мектебіміздің биылғы түлектері маңызды бір белесті артқа тастап, жалпы орта білім туралы аттестат алды. Бұл білім жолындағы болашаққа бағыт алар жауапты кезеңнің бастамасы. Толқыған жүректерімен армандарын арқалаған 18 оқушы мен ата-ананың, білім берген ұстаздардың қуанышы.
Үздік оқушымыз Қайыртай Мәдияр Бүркітбайұлы "Алтын белгі" иегері болды. Барша түлектерімізге жарқын болашақ, нақ мақсат, нық қадам тілеп, білімнің биік шыңдарын бағындырар азамат болыңдар демекпіз.