Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиында мектебіміздің директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы ұстаздар,оқушылар және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Іс-шара қонағы ауданымыздың прокуроры Тұрсынбеков Нұрқанат Болатұлы ізгі тілегін айтып, оқушыларға сәттілік пен жақсы білім тіледі.
Биыл мектебіміздің табалдырығын 48 бүлдіршін алғаш рет аттап, 1-сынып оқушысы атанды. Кеше ғана балабақшада жүрген бүлдіршіндер бүгін мектеп формасын киіп, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. 1-сынып оқушыларына ерекше құрмет көрсетіліп жылдағы дәстүр бойынша Саумалкөл қазақ орта мектебінің төсбелгісі тағылды. Мектебіміздің төсбелгісін тағу құрметі аудан прокуроры Тұрсынбеков Нұрқанат Болатұлы, мектеп директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы мен мектеп ұстаздары және 11-сынып оқушыларына берілді.
Білім баспалдағының алғашқы тәрбие сағаты 1-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат,зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында өтті.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жаңа 2026-2027 оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы қадамдарыңыз нық, жетістіктеріңіз мол болсын! Барлықтарыңызға жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!!!
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"




