Бүгін мектебімізде «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай игі іс ұйымдастырылды. Ұстаздарымыз мектеп кітапханасына кітаптар сыйлап, рухани қазынаны толықтыруға өз үлестерін қосты. Атаулы мейрам 2012 жылдан бері тойланып келеді. Адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады.Мейрамның шығу тарихы ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур — әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы.Осы бастаманың нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті.
#КітапСыйлауКүні14 ақпан
Все реакции:
4






