65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Бүгін, аға тәлімгер А. Т. Касымова мектеп парламенті ұйымы мүшелерімен мектеп парламенті жоспарының "Өнерлі өрен" жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған "Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй" тақырыбында іс-шара ұйымдаст

Бүгін, аға тәлімгер А. Т. Касымова мектеп парламенті ұйымы мүшелерімен мектеп парламенті жоспарының "Өнерлі өрен" жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған "Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Ән өнерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, мәдениет, өнер қайраткерлерімен кездесу мақсатында өткен іс-шараны күй күмбірімен жас домбырашылар ашты. Қатысушыларымыз прозалық, поэзиялық шығармаларды нақышына келтіріп оқыды. Іс-шараға аудандық мәдениет үйінің қызметкері, әнші Берікбол Дүйсенұлы қатысып, "Өнер жолы" жайлы әңгімелеп берді. Ән, күй өнері мен Абай әндері жайлы ой толғаған қонағымыз Абай Құнанбаевтың "Сегіз аяқ" әні мен Ақан серінің Балқадишасын тарту етті. Кеш соңында мектеп директоры М. Олжабаева қатысушыларға рахмет айтып, қонағымыз Берікбол Дүйсенұлына алғыс білдірді.
Записаться на прием