65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Бүгін, 9-10 сынып оқушыларына арналған"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында дөңгелек үстел сағаты ұйымдастырылды.

Бүгін, 9-10 сынып оқушыларына арналған"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында дөңгелек үстел сағаты ұйымдастырылды.

Бүгін, 9-10 сынып оқушыларына арналған"Мамандығым-мақтанышым" тақырыбында дөңгелек үстел сағаты ұйымдастырылды. Кәсіптік бағдар беру жетекшілері: А. Абирова мен Е. Алгожин ұйымдастырған іс-шараға Айыртау аудандық аурухана дәрігері Б. Ш. Копбергенова, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы А. М, Магимов, Айыртау ауданы мансап орталығының директоры Р. С. Кожахимов, Орман шаруашылығы инспекторлары: Е. Кошанов, Р. Алтаев, Төтенше жағдайлар қызметкері М. Амандық, 3 атқыштар рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Б. Ақынбекұлы мен әскери сарбаздар, Аудандық ІІБ қызметкері Б. Жахина, "Ботай мәдениеті" орталығы қызметкері Д. В. Токтаров қатысты. Түрлі сала қызметкерлері өз мамандықтары жайлы түсініктеме беріп, қиындықтары мен мамандықты тереңірек меңгеру жолдары туралы әңгімеледі. Әр маман иелері баяндаған дәріс кезеңі оқушыларды қатты қызықтырды. Кездесу соңында мектеп директоры М. Олжабаева қонақтарға алғыс білдіріп, рахметін жеткізді. Жас жеткіншектеріміз өз істерінің шебері, нағыз маман иесі болуларын тілейміз.

Записаться на прием