Бүгін, 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылының аяқталуы туралы.
2. 2024-2025 оқу жылын аяқтау және білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы.
3. Мектеп формасы
Жиынға мектеп оқышыларының ата-аналары, Айыртау аудандық ІІБ қызметкері Жахина Б.Е мен Айыртау аудандық төтенше жағдайлар қызметкері Р. Т. Сеитов қатысты.
Жиынды Мектеп директоры М. Олжабаева ашып, 2024-2025 оқы жылының аяқталуы жайлы баяндады. ДОТІЖО
Г. Султангалиева ата-аналарды оқушыларды қортынды аттестаттау нұсқаулығымен таныстырды. ДТІЖО Е. Алгожин ата-аналарға жаз айларында қауіпсіздік ережелерін ескерулерін және түрлі қауіп қатерден сақтану керектігі жайлы баяндады. ІІБ қызметкері Ботагөз Елбересовна Мектеп оқушыларының құқық бұзушылықтан аулақ болып алаяқтықтан сақтануларын ескертті. ТЖ қызметкері Р. Сеитов Ата-аналарға балалардың су, өрт т.б түрлі қауіптерден сақтану қажеттіліктерін ескертті.
Жиын соңында ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.