Ақпан айының 21-і күні №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында аудандық Мағжан оқулары өтті. Саумалкөл қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Кеңесбай Медина "Өлең - менің Шолпаным, Айым,Күнім" номинациясына қатысып, 2 дәрежелі дипломға ие болды.Мединаның оқу шеберлігі, мәнері, өзін ортада ұстауы, өлеңнің мазмұнын терең түсіне алуы комиссия мүшелерінің көңілдерінен шықты. 8- сынып оқушысы Әлімхан "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" атты жас ақындар байқауында жүлделі 3 орынға қол жеткізді. Оқушыларымыздың жетекшілері - С.А. Кажикенова мен Р.С. Дукетбаевтарға оқушы шығармашылығын арттыру ісінде бұдан да жоғары жетістік көрсете беріңіздер дейміз.
Жаңалықтар
Ақпан айының 21-і күні №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында аудандық Мағжан оқулары өтті.
Қаралды: 7
