65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

8 «Б» сыныбымен “Continue циклін басқару” тақырыбында ашық сабақ өткізді

8 «Б» сыныбымен “Continue циклін басқару” тақырыбында ашық сабақ өткізді

Саумалкөл қазақ орта мектебінде жаратылыстану-математика бағыты онкүндігі аясында информатика пәнінен тәжірибе өтуші, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, информатика бөлімінің 4 курс студенті - Төлеген Жансая Құрманбекқызы 8 «Б» сыныбымен “Continue циклін басқару” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Жансая Құрманбекқызы топқа бөлуде "CD диск" әдісін, кері байланысқа "Эмоциялар әдісін", мұғалімдерге" "WhatsApp әдісін" және өзін-өзі бағалауға "Флеш-жады әдісін", өткен сабақты қайталауға" Миға шабуыл" әдісін қолданды. Ашық сабаққа қатысқан ұстаздар ұжымы Жансаяның сабағына өте жақсы деген баға беріп, ризашылықтарын білдірді. Жансая Құрманбекқызына мектебіміздің атынан шығармашылық табыс, биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Записаться на прием