27-28 қазан күндері Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен футзалдан «ALTYN KUZ-2025» BFL Kokshetau futzal атты Республикалық турнирінде 2013-2014 ж.т. жас дәрежесінде футболдан жарыс өтті. Бұл жарысқа Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып, 9 команда ішінен топ жарып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал команда ойыншысы - Сандыбай Әли «Үздік қорғаушы» атағына ие болды. Жаттықтырушылары - Ибрашов Магжан Сабыржановичке алғыс білдіріп, құттықтаймыз!!! Жас футболшыларға биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз! 



Жас спортшылардың жарысқа қатысуына жол ақысын көтерген ата-аналарға рахмет айтамыз. Футбол ойынының шарты бойынша кіріс төлемін және балалардың толық тамақтануына демеуші болған ауданымыздың кәсіпкері - Султан Салимжанович Аскеровке алғыс білдіріп, ісіңізге сәттілік тілейміз!





