25 желтоқсан күні ауданымызда жылдағы дәстүр бойынша Айыртау ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Оқу озаттары, олимпиада жүлдегерлері, көпбалалы отбасыдан жиналған іс-шараға Саумалкөл қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Сапарғали Ералы, 5-сынып оқушысы Шаим Гүлдана және 6-сынып оқушысы Талгатова Айша қатысты. Мерекелік шарада ауданымыздың әкімі Мейрам Жақсылықұлы балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, тәттілер мен мерекелік сыйлықтарын табыс етті. Оқушыларымыз әр мектептен жиналған балалармен және ертегі кейіпкелерімен бірге ән шырқап, қызықты ойындар ойнап жақсы әсер алып қайтты.
Жаңалықтар
25 желтоқсан күні ауданымызда жылдағы дәстүр бойынша Айыртау ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.
Қаралды: 14